Астанада Қазақстан және Ислам әлеміндегі ғылым мен технология жөніндегі халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - 21-23 мамыр аралығында Астанада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесіне Қазақстанның төрағалығы шеңберінде «Қазақстан мен Ислам әлеміндегі ғылым мен технология: кеше, бүгін және келешегі»
None
None

атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған ауқымды шараны өткізуге ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің Ислам әлемі ғалымдарының  академиясымен тығыз ынтымақтастық қатынасы негіз болған. Еске сала кетсек, Ислам әлемі ғалымдарының академиясының штаб-пәтері Иорданияның Амман қаласында орналасқан.  Тоқтала кететін жайт, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ислам әлемі ғалымдары академиясының құрметті мүшесі болып табылады.

Ал жоспарланған шараға келсек, бұған әлемнің 16-дан астам елінен 100-ден астам ислам әлемінің көрнекті ғалымдары қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Ислам әлемі ғалымдары академиясының президенті Абдусаллам Маджали мен Иорданияның бұрынғы премьер-министрі, Петр Университетінің президенті Аднан Бадран да бар.

Соңғы жаңалықтар