Астанада Қазақстанның тұңғыш тікұшақтарының таныстырылымы өтеді - ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Қазақстанның тұңғыш тікұшақтарының таныстырылымы өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Астанада 1 желтоқсан күні отандық машина жасау тарихында тұңғыш рет қазақстандық жерде құрастырылған ЕС-145 атты екi тiкұшақтың таныстырылымы өтеді», - делінген хабарламада.

«Бірқатар мемлекетаралық келісімдерге, соның ішінде тікұшақ жасау саласындағы әріптестікті орнату жөніндегі келісімді бекіткен Қазақстан және Франция президенттерін аталмыш жобаның авторлары деп атауға болады. Осы екі тікұшақтың шығарылымымен отандық машина жасау өнеркәсібінде жаңа сала дүниеге келдi», - деп атап көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Аталған екi қозғалтқышты жеңiл тiкұшақ үлгiлері өзінің көп қызметтiлiгінің және салонының сыйымдылығының арқасында әлемде танымал болып табылады және дүниежүзі бойынша кең тараған.

ҚР Қорғаныс министрлігінің атап көрсетуінше, ЕС-145 тікұшақтары жедел медициналық және құтқару қызметінің, полицияның және шекара бақылау құрылымдарының қажеттіліктеріне өте ыңғайлы.

«Желтоқсанның алғашқы онкүндігінде жаңа ЕС-145 тікұшақтары ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ТЖМ-нің тікұшақтар паркін толықтырады», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар