Астанада KESHYOU концертіне билеттер екі күнде сатылып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – KESHYOU тобының 20 жылдығына арналған Астанадағы концертке барлық билет небәрі екі-ақ күн ішінде сатылып кетті.

KESHYOU
Фото: First Media Group компаниясының PR бөлімі

Концерт 19 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Барыс Аренада» өтеді. 

KESHYOU
Фото: First Media Group компаниясының PR бөлімі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанадағы бағдарлама Алматыдағы концерттен өзгеше болмақ. Оның шамамен 40 пайызы жаңартылып, жаңа нөмірлер қосылатын болады.

KESHYOU
Фото: First Media Group компаниясының PR бөлімі

Бұған дейін KESHYOU тобы 20 жылдығына арналған үлкен концертін 29 мамырда Алматыдағы Орталық стадионда өткізді. Оны 25 мыңнан астам адам тамашалады. Сол күні сахнаға топтың әр жылдардағы құрамында ән айтқан әншілер жиналып, көпшілікке жақсы таныс әндер жаңа нұсқада орындалды.

KESHYOU
Фото: First Media Group компаниясының PR бөлімі

Астанадағы концертке де KESHYOU-дың әр жылдардағы құрамында болған әншілер қатысады. Бағдарламаға топтың 20 жыл ішінде жарық көрген танымал әндері енген.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, концертке дайындық бірнеше айға созылған. Шоу үшін 450-ден астам сахналық костюм тігіліп, декорациялар мен реквизиттер әзірленген. LED-экрандарға арналған бейнелер дайындалып, әр нөмірге жеке би қойылған.
Бишілер мен әуе акробаттары арнайы кастинг арқылы іріктелген. Сондай-ақ «Барыс Арена» секілді үлкен сахнаға лайықталған би қойылымдары дайындалған.

KESHYOU
Фото: First Media Group компаниясының PR бөлімі

Концерттің ресми билет операторы – Freedom Афиша (ex-Ticketon). Билеттер түгел сатылып кеткеннен кейін ұйымдастырушылар оларды әлеуметтік желілерден және басқа да бейресми арналардан сатып алмауға кеңес берді. Өйткені мұндай билеттердің жарамды екеніне кепілдік жоқ.

Ал концертке бара алмайтындар билетін Freedom Fan2Fan ресми қайта сату сервисі арқылы сата алады.

KESHYOU
Фото: First Media Group компаниясының PR бөлімі

Айта кетеййік, осыған дейін Канье концерті Алматыға 5 млрд теңге пайда әкелген болатын.

KESHYOU
Фото: KESHYOU