Астанада кезекті демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 14 және 15 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

жәрмеңке
Фото: Астана әкімдігі

— Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады, — делінген хабарламада.

Іс-шара 14 және 15 ақпан күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус бағыттары қатынайды.

Бұдан бұрын астаналық ұстаз Еуропада тұратын қазақ балаларына ана тілін тегін үйретіп жүргенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар