Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - 12-13 қыркүйек күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар, ағаш пен сүйектен жасалған заттар, ұлттық музыкалық аспаптар, кілемдер, дизайнерлік киімдер және жергілікті шеберлердің басқа да авторлық өнімдері қойылған.

Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көпшілік оларды тамашалап қана қоймай, сатып ала алады. Жалпы жәрмеңкеде креативті индустриялардың 21 бағыты бойынша өнімдер таныстырылған.

Олардың жалпы құны 74 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар Qyzylorda Hub әзірлеген цифрлық жобалар мен Қызылорда облысының заманауи медиа бастамалары да көпшілікке ұсынылды.

Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жәрмеңке аясында «Анаға тағзым» креативті индустриялар орталығында әзірленген Syr Style Collection сән топтамасының таныстырылымы өтті.

Топтамада ұлттық нақыш заманауи дизайнмен үйлесім тапқан. Бағдарламада ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары, концерттік бағдарламалар мен сән көрсетілімі де бар.

Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жәрмеңкеге келушілер «Алтын домбыра», «Күміс домбыра» секілді бірегей музыкалық аспаптарды және өңірдің көрнекті тұлғаларына қатысты тарихи-мәдени жәдігерлерді тамашалай алады.

Креативті жәрмеңке Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайы бойынша сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.

Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Осыған дейін Қызылорданың 100-ге жуық креаторы Астанада бас қосқаны туралы жаздық.

Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
қолөнер

Фото: ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі