Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жазаланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтып, сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жазаланды
Фото: Polisia.kz

Полицияның мәліметінше, спортшы қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ведомство өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін интернетте балағат сөз айтқандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілетінін жазғанбыз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Оған дейін Алматыда қоғамдық орында балағаттаған шетелдік 10 күнге қамалғанын хабарлағанбыз.