Астанада қонақүй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 60-қа жуық адамды құтқарып, эвакуациялады.

өрт
Фото: ТЖМ

Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған.

ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі өрт толық сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Алматы облысында бір апта өртенген қоқыс полигоны жабылуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар