Астанада Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-інші Ислам Конференциясы өтеді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 17-18 мамырында Астана қаласында ИСЕСКО аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-әнші Ислам Конференциясы өтеді.
None
None

Аталған алқалы шараға 57 ислам елі мен 25 халықаралық ұйымнан шамамен 200-ден астам адам қатысады деп күтіледі. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шара аясында форум делегаттары ислам мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ күн тәртібінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы және «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы атты бастамалары қаралатыны күтіледі. Бұл ретте Бразилияда өтетін Орнықты даму жөніндегі БҰҰ Конференциясына алдын ала дайындық қарсаңында қазақстандық бастамаларды мұсылман әлемінің қолдауы өте маңызды болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ИСЕСКО Ислам ынтымақтастық ұйымының мамандандырылған мекемесі ретінде 1982 жылдың 3 мамырында құрылған Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы болып табылады.  ИСЕСКО Штаб-пәтері Морокко Корольдігінің Рабат қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы аталған Ұйымға ресми түрде 1996 жылы желтоқсанда қабылданды.

Жалпы конференция жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін ислам мемлекеттер арасындағы диалог алаңы болып отыр. Аталған форумды өткізу Қазақстан Республикасының мұсылман әлеміндегі беделін нығайтады және имиджін арттырады.

Соңғы жаңалықтар