Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО-ның әріптестік мақсаттары талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің Астанадағы жұмыс кездесуінің басты тақырыбы 2014-2015 жылдарғы әріптестік мақсаттарды іске асыру мәселелері болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

НАТО-ның «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау аясында өткен кездесуде ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін дайындықтарға, оқу-жаттығуларға, сондай-ақ, көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына қатысуға әзірлеу мәселелері талқыланды.

НАТО-ның 2014-2015 жылдардағы бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингенттерін БҰҰ мен НАТО стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды зерделеу, штаб офицерлерін оқыту, киберқауіпсіздік мәселелері кіреді.

Сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен кеңестер өткізілді.

Соңғы жаңалықтар