16:26, 14 Сәуір 2025 | GMT +5
Астанада құтқарушылар өзіне қол жұмсамақ болған қызды аман алып қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Оқиға елорданың Нұра ауданы, Қ.Мұхамедханов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың келіп жеткенде 2000 жыл туған қыз 10 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында өзіне қол жұмсау үшін терезе жақтауында тұрған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қызбен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Осы минуттарда құтқарушылар жедел түрде АИК-90 және «Өмір текшесін» орналастырды.
- Олар сондай-ақ пәтерге кіріп, қызды терезеден ішке кіргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Ақтөбелік полицейлердің өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды аман алып қалғанын жаздық.