17:10, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада «Қытайдың төрт кезеңі» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (ҰАК) қытайлықтардың дәстүрлі Көктем мейрамына арналған «Қытайдың төрт кезеңі» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қытайлық дәстүрлі Көктем мейрамын атап өту шеңберінде ҰАК-мен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. Соның бірі - «Қытайдың төрт кезеңі» деректі фильмінің көрсетілімі. Онда қытайлық провинциялардың тіршілігі баян етілген. Бұл фильм қазақстандықтарға қазіргі Қытай жөнінде молырақ ақпарат алуға көмектеседі деп сенемін», - деді Қазақстандағы Қытай Елшілігінің бірінші хатшысы Ли Чжи. Сонымен қатар аталмыш мерекеге орайластырылып, ақпанның 20-сы күні ҰАК-да Қытай иероглифтері «Иероглифтер: тасбақа қабығындағы таңбалардан компьютерлерге дейін» атты көрме ашылады. Көктем мейрамы - ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл және ол қытайлықтар үшін ең маңызды да дәстүрлі мереке болып табылады. Оны ай күнтізбесі бойынша қаңтардың 1-і мен 15-і аралығында 15 күн бойы тойлайды.