Астанада «Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдары» атты конференция өтуде

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдары» атты Орта Азиялық конференция өз жұмысын бастады.

Астанада «Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдары» атты конференция өтуде

Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының мамандары, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар мен тағы басқалары қатысуда.

Медициналық қызметтердің сапасы, оны жоспарлау, қамтамасыз ету және бақылау - тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция секілді дамыған елдердің денсаулық сақтау салаларының өзекті мәселелері. Сапаны қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі тәсілдің қажеттілігі, осы үрдіске енгізілген барлық тұлғалардың ретті және жоспарлы қызметі - бұл бүгінгі күннің түйткілді қажеттіліктері. Денсаулық сақтау жүйесінің озық ұйымдарымен, жетекші клиникалық және академиялық шетелдік орталықтарымен жиналған тәжірибені қолдана отырып, Қазақстан қазіргі таңда халықаралық қағидаларға негізделген денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару жүйесін жетілдіруде.

Бұл ретте негізгі рөл стандарттау процестеріне жатады, себебі сапа - ол, ең алдымен, стандарттарға сәйкестік. Стандарттаудың мақсаты медициналық көмек көрсету саласында бірнеше мәрте қайталанатын процестерді, жұмыстарды, қызметтерді ретке келтіру болып табылады. Тек қана стандарттар бар болған негізде ғана ішкі аудитті, сонымен қатар елдегі халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізуге болады.

Конференциясының екінші күнінде клиникалық нұсқауларды әзірлеу мен енгізу әдіснамасы, медициналық технологияларды бағалау, медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттары мәселелері бойынша шеберлік сабақтары өтеді.