Астанада «Мемлекеттік шығындар және ауылшаруашылығы саласына институциялық шолу жасау» деген тақырыпта Әлемдік Банкінің есебі талқыланды
Осы шараға мемлекеттік басқару органдары басшылары, «KazAgro» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысып, пікірлесті.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен қызығушылық танытып отырған көптеген халықаралық ұйымдар сияқты ЭДЫҰ (Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы) және ФАО (ААӨ) өкілдері осы пікірсайыс алаңында белсенділік танытты.
Сонымен қатар, осы жерде айтылған кейбір ой-пікірлер Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру барысында келешек шараларды жоспарлауға пйдаланылады.
Халықаралық сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігінің атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырап және ынталандыру сипатқа ие болған АӨК саласындағы субсидиялау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын оң бағалады.
Шараға қатысушылар саланы дамыту үшін инновациялық жетістіктер мен жаңа технологияны енгізу, институциялық қайта құрылымдау, ауыл шаруашылығы саласына кең көлемді инвестиция тарту және басым бағыттарды айқындау негізгі фактор екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан ауыл шаруашылығы саласының үлкен мүмкіндігін ескерсек, ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігіне де үлес қоса алады.
Қорытындылай келе, шараға қатысушылар Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы жасалып жатқан реформаларды әділетті бағалау мақсатында осындай басқосулардың тиімділігін атап өтті.