Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қазан күні сағат 10.00-13.00 аралығында Астанада мүгедектерді жұмыспен қамту айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шара Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аталмыш шараға елорданың 20-ға жуық жұмыс беруші мекемелері қатысып, күзетші, есепші, полиграфия мамандары және т.б. жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ бос орындар жәрмеңкесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» әлеуметтік бағдарламасы бойынша кеңестер беріледі.

Соңғы жаңалықтар