Астанада Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының гастролі өтеді

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат -  10-12 сәуір аралығында Астанадағы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының гастролі өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Гастрольдік сапар аясында көрермендердің назарына Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, режиссер Султан Усмановтың қойылымындағы 5 спектакль ұсынылады. Оның ішінде балаларға арналған  В.Ливановтың «Бременские музыканты» және С.Маршактың «Кошкин дом» ертегілері, сонымен қатар үлкендерге арналған А. Сухово-Кобылиннің «Свадьба Кречинского» атты белгілі пьесасы бойынша «Игра», Ш.Айтматовтың «Белое облако Чингисхана» және У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектакльдері ұсынылады.   

Спектакльдерде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Тахир Восилов,Евгений Дубовик, Герман Богданов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері Валерия Крымская, Ольга Коржева, сонымен қатар театр артистері Герман Богданов, Владимир Крылов, Татьяна Костюченко, Ольга Бобрик, Юрий Гнусарев, Андрей Пасаженников, Ильяс Турманов, Виталий Куприянов және басқалары ойнайды.

Соңғы жаңалықтар