Астанада неміс заңгері Г.Велинг БАҚ өкілдеріне сотта репортаж жүргізудің ерекшеліктерін айтып берді
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдары Германия судьясы Герд Велингпен кездесті.
Шара барысында Қазақстан мен Германия заңнамасындағы өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде сот процесінің ашықтығы мен соттағы ақпараттардың қолжетімділігі жайында әңгіме өрбіді.
Кездесуде неміс заңгері соттағы ақпараттардың БАҚ өкілдеріне қолжетімділігі саласындағы еуропалық тәжірибемен, сонымен қатар соттағы репортаждың ерекшеліктерімен бөлісті.
Герд Велинг көп жылдар бойы судья қызметінде болған тәжірибелі заңгер. Ол медицина қызметкерлеріне арналған Гамбург кәсіби сотының төрағасы, Гамбург әкімшілік сотының және сот алқасының төрағасы қызметін атқарды.