Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада олимпиадашылардың салтанатты шеруіне байланысты бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Жұма, 17 тамыз күні Астанада ҚР Олимпиада құрамасына құрмет көрсетуге байланысты бірқатар көшелердегі қозғалысқа шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астанада олимпиадашылардың салтанатты шеруіне байланысты бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі

Сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін Қонаев көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін қозғалыс жабылады.

Қазақстан құрамасының мүшелері жүрген арнайы колоннамен еріп жүру кезінде Орынбор көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейін, сондай-ақ Қошқарбаев көшесі бойынша М1 көпірінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылы бойынша Қошқарбаев көшесінен бастап Нәжімеденов көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.

Обаған көшесі Қошқарбаев даңғылынан бастап Нәжімеденов көшесіне дейін күні бойы - сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жабық болады.