Астанада Отан қорғаушылар күні ауқымды Open Air концертімен аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – «Астана Арена» стадионы маңында Отан қорғаушылар күніне арналған ашық аспан астындағы мерекелік концертке мыңдаған тұрғын мен қала қатысты.
7 мамырдағы мерекелік бағдарлама таңертеңнен басталды. Қала тұрғындары үшін балалар ойын аймақтары, отбасылық демалыс алаңдары, спорттық белсенді іс-шаралар, интерактивті бағдарламалар мен жәрмеңке ұйымдастырылды. Сонымен қатар қонақтар ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.
Кештің басты оқиғасы — қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен ауқымды Open Air концерті. Сахнада Маржан Арапбаева, Raim, BAYANSULU, Досымжан Таңатаров, Қайрат Байкенов, DOS, DiEra, JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.
Концерт барысында көрермендер танымал әндерді бірге шырқап, би билеп, өнер иелеріне қолдау көрсетті.
Мерекелік кеш ерекше атмосферада өтіп, елорда тұрғындары мен қонақтарының басын қосты.
Айта кетейік, Астанада Отан қорғаушылар күні дәстүрлі түрде әскери қызметтің маңызын насихаттауға және патриоттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған мазмұнды бағдарламамен атап өтілді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, көрсетілімдер және түрлі қоғамдық акциялар ұйымдастырылды.
Айта кетелік Астанада Отан қорғаушы күніне арналған концерт өткен еді.