Еуроодақ АҚШ тауарларына салық салмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Еуроодақ билігі АҚШ-тан келетін 72 млрд еуроның тауарына баж салығын дайындап қойды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоқысына жауап болмақ.

США и Евросоюз
Фото: Нова агенттігі

Бұл туралы дүйсенбі, 14 маусым күні сауда жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчович мәлім етті.

DW-нің хабарлауынша, Еуроодақ билігі Американың құны 72 млрд еуро болатын тауарларының тізімін дайындап қойды. Оларға баж салығы салынатын болады. Бұл АҚШ-тың салық саясатына жауап болмақ.

- Бүгін Еурокомиссия ұйымға мүше елдерге АҚШ-тан импортталатын құны 72 млрд еуро болатын тауарлардың тізімі бойынша ұсыныс жасайды. Енді олар осы тізімді талқылай алады,-деп келтірді шенеуніктің сөзін ЕК сайты.

-Бұл біздің соңғы құралымыз емес,-деді М. Шефович.

Ол қандай тауарлар туралы әңгіме болып жатқанын нақтыламады.

Соған қарамастан Брюссель әлі де болса Вашингтонмен келіссөздер жүргізуге дайын.

- Біздің трансатлантикалық қарым-қатынастарымыз келіссөздер арқылы шешілуге лайықты, -деді еурокомиссар.

12 шілде күні Дональд Трамп Еуроодақтан келетін тауарларға 1 тамыздан бастап, 30% кедендік алым салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол бұны Брюссель мен Вашингтон арасында ең үлкен сауда дефицитімен байланыстырып отыр.

Ақ үй басшысы егер еуропалық компаниялар өнімді АҚШ-та шығаратын болса, олар сауда салығынан босатылатынын айтты.

Сонда-ақ Трамп егер Еуроодақ америкалық тауарларға салық салатын болса, оған жауап та тура сондай болатынын жеткізді.

Осыған дейін Трамп тарифтерінің салдарынан айфондар мен Еуроодақ тауарлары қымбаттауы мүмкін екені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар