Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне 300 әлемдік компания әскери өнімді ұсынуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің әр елінен әскери техника өндіретін 300-ден аса компания Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне өз өнімін ұсынуды жоспарлауда.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алайда, бұл әлі нақты сан емес, себебі, таяу және алыс шетелдегі елдердің шетелдік қатысушылары мен меймандардың өтінімдері күн сайын келіп түсуде.

«Көрменің танымалдылығымен қатар еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және армияны жабдықтау үшін «KADEX-2016» тиімділігін де атап өткен жөн. Оның өткізу нәтижелері әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электронды аспаптарды өндіру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару мен техникалық қызмет көрсету, үш координаталы радиолокациялық станцияларды өндіру, сондай-ақ броньды кеудешелерді шығару жөніндегі бірқатар бірлекен өндірістер болды.», - деп хабарлады ведомстводан.

Осы жылы «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтеді.

Бүгінгі таңда аталмыш көрме Орта-Азиялық өңірдегі ауқымды іс-шараның бірі болып табылады.

Көрме 2010 жылдан бастап үш рет өткізілді және еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытуға, Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мен өрістетуге бағытталған әскери мақсаттағы отандық және шетелдік тауар өндірушілердің жемісті бірлескен жұмысының алаңына айналды.
null

Соңғы жаңалықтар