Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өнімдер тиімді бағамен сатылады
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 11-12 шілде күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген фермерлер мен жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.
– Іс-шара 11 және 12 шілде күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді, – делінген хабарламада.
Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.
Айта кетейік, Қырғызстаннан әкелінген жемістерден қауіпті зиянкестер анықталды.