Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

АСТАНА. KAZINFORM- Қыркүйек айында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады.

игры кочевников
Фото: KABAR

Қырғыз Республикасы Дене шынықтыру және спорт департаменті директорының орынбасары Самат Токтоналиевтің айтуынша, спорттың 29 түрінен барлық жарыстарға 268 спортшы қатысады.

«Менің ойымша, Қырғызстан барлық спорт түрінен медаль алады», - деді ол.

Қырғызстан құрамасы ұлттық көкбөрі ойындарына қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында Астанада ұлттық спорт түрлерінен әлемдік ірі жарыстар өтеді. Қазақстан астанасы еліміздің аймақтарынан және әлемнен 100 мыңға жуық турист қабылдауға дайындалып жатыр.

Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы жүлде қоры 253 миллион теңгені құрайтыны хабарланған болатын. Олар әр спорт түрі бойынша жеке болады. Жеңімпаз командаға 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, қола жүлдегерге 4 миллион теңге беріледі.

1 тамызда Қырғызстан Ұлттық банкі «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» сериясының «Ат Чабыш» жаңа күміс коллекциялық монетасын айналымға шығарды. 10 сомдық монета Қазақстандағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған.

Соңғы жаңалықтар