Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада өтіп жатқан «Еуразия: Мәдениеттер және ұрпақтар диалогі» атты халықаралық форумның қатысушыларына Елбасы Н.Назарбаев құттықтау хатын жолдады

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Еуразия: Мәдениеттер және ұрпақтар диалогі» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Форум делегаттарына ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің құттықтау хатын жолдады,

Астанада өтіп жатқан «Еуразия: Мәдениеттер және ұрпақтар диалогі» атты халықаралық форумның қатысушыларына Елбасы Н.Назарбаев құттықтау хатын жолдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құттықтау хатты Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай оқыды.

«Бүгін біздің ел заңды түрде Еуразиялық интеграция идеясының катализаторы болып табылады. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі тиімді жұмыс жасап келе жатқан ықпалдастық жобаларының белсенді қатысушысы. Біз мәдениетаралық, конфессияаралық диалогті дамытуға бағытталған халықаралық форумдарды құруға бастамашы болдық. Сонымен қатар біз жалпы құндылықтар мен мәдени, тілдік әртүрлілікті негізге ала отырып, қатысушы мемлекеттердің этникалық бірегейлігінің, саяси тәуелсіздігінің сақталуын жақтаймыз», деп жазады Н. Назарбаев.

Форум ұйымдастырушысы диалог Еуразия платформасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің атап көрсеткеніндей, бүгінгі алқалы жиында ұлтаралық, мәдениет аралық келісімге сұхбат құру арқылы қол жеткізу тетіктері ғана емес, көрші Қырғыстан еліндегі дүмпулер, Мәскеудегі метроның жарылысы проблематикалары кеңінен талқыға салынады.

«Еуразиялық кеңістікте гуманитарлық байланыстарды нығайту, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру, зомбылықсыздықты және толеранттылықты алға тарту жолындағы сіздердің ұйымдарыңыздың салып жатқан үлесі өте маңызды. Форум қатысушыларына жүйелі жұмыс, жемісті пікірталас және тың жетістіктерге жетуге тілектеспін», делінген Елбасының құттықтау жолдауында.

Басқосуға Еуразия құрлығындағы Түркия, Ресей, Молдова, Украина, Тәжікстан, Грузия сынды елдері, жалпы 16-ға тарта мемлекеттен делегаттар келіп қатысуда.