Астанада парадзюдодан әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА.KAZINFORM - Астанада алғаш рет пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.

Парадзюдо
Фото: ҚР Парадзюдо федерациясы 

Бұл жөнінде еліміздің пара дзюдодан федеарциясы мәлім етті.

Дүбірлі дода 13-15 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткізіледі. Әлем чемпионатына 40-қа жуық мемлекеттен спортшылары келеді деп жоспарланып отыр.

Пара дзюдо 1988 жылы ерлер арасында Паралимпиада ойындары бағдарлаамсына енгізілсе, 2004 жылдан бері әйелдер арасында да жүлделер сарапқа салынады. 

Ақмарал Науатбек және әлемнің үздік пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасынан кейін жаңа салмақта бас жүлдеге таласпақ.

Елімізде пара дзюдо спорты кеңінен дамып келеді. 2024 жылы Париж Олимпиадасында Ақмарал Науатбек чемпион атағын жеңіп алды

Ол парадзюдодан J2 класында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған еді.

Соңғы жаңалықтар