Астанада салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астам барлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл шектеу тек өндіріс аймақтарына қатысы жоқ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы .
None
None

Бұл шара ЭКСПО-2017 өту барысында Астананың көлік желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың коммерциялық қызметін жүзеге асыру және қолайлы болу үшін сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүк көліктеріне рұқсат етіледі.

Транзиттік жүк көліктеріне арналған шектеу қойылған аумаққа енбейтін айналма жолдар бар.

Соңғы жаңалықтар