Астанада ШЫҰ мүше-мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының IX кеңесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 4 қыркүйекте Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының тоғызыншы кеңесі өтеді, деп жазады ҚР Жоғарғы сотының ресми сайты.
None
None

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.А.Мәми, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Чжоу Цян, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының Төрағасы В.М.Лебедев, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ф.З.Джамашева, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Н.Абдуллозода, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ш.А.Газиев, ШЫҰ бас хатшысы Д.Ф.Мезенцев, Атқарушылық комитетінің ШЫҰ терроризімге қарсы аймақтық құрылымы директорының орынбасары Т.Д.Мұсабаев қатысады.

Отырыста соттар қызметін жетілдіру мен бағалау, судьяларды іріктеу мен тағайындау, сот төрелігінің ашықтығы, сот өндірісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерін, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың бірқатар практикалық мәселелерін талқылау жоспарланған. Терроризммен күрестегі жоғарғы сот судьяларының рөлі жеке семинар аясында қаралатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше елдердің Жоғарғы Сот Төрағаларының құқық үстемдігін бірлесе ілгерілету, сондай-ақ адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мақсатында Өзара іс-қимыл мен серіктестікті күшейту жөніндегі бірлескен мәлімдемесіне қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар