Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 9-16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

— Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады. Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескергені жөн.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Қ. Аманжолов көшесін Ш. Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі аралықта кабельдік кәріз желісін салу жұмысы жоспарланып отырғанын хабарлаған едік.