Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — 5-7 шілде аралығында Сығанақ көшесінде Арыс көпірінен (М-3) Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Осы ретте жарияланымда көрсетілген оң жақ съездер көлік қозғалысы үшін жабық болады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі ішінара жабылатыны туралы жазған едік.