Астанада Сириядағы қауіпсіз аймақтары туралы келісім рәсімделуі мүмкін
"Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері кетіп қалды. Өйткені олардың бүгінге жоспарланған барлық кездесулері аяқталды. Оппозиция өкілдері БҰҰ Бас xатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен, сондай-ақ АҚШ өкілдерімен жүздесті. Барлық шаралар ойдағыдай атқарылып жатыр. Ертең оппозиция келіссөздерге тағы да қатысады", - деді Туматов журналистерге берге сұxбатында.
Оның айтуынша, келіссөздер кезінде ресейлік делегацияның жаңа бастамасы - қауіпсіз аймақтар туралы меморандумды әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр. "Ертең барлық тараптар ол құжатты рәсімдейді деп сенеміз. Аталған келісімге қауіпсіздікке кепілдік беретін мемлекеттер (Ресей, Иран мен Түркия - авт.) қол қояды. Олар рәсімдесе, басқалары да орындауға міндетті болады", - деп атап көрсетті департамент басшысы.
Бұдан бөлек, әскери қимылдарды тоқтату және тұтқындарды өзара айырбастау мәселесі төңірегіндегі келіссөздер қатар жүргізіліп келеді. Алайда нақты құжаттың қай уақытта қабылданатыны белгісіз. Әзірше, қарулы оппозиция ешқандай талаптарды қойып отырған жоқ.