Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Тілендиев даңғылы жартылай жабылады

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада Нұрғиса Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі аралығындағы жол төсеміне жөндеу жүргізіледі.

жол жөндеу
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Осыған байланысты 22-26 шілде аралығында аталған көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

— Қалаға кіру бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады. Ал қаладан шығу уақытша жол қозғалысы сызбасына сәйкес ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

Әкімдік жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылатынын хабарлаған едік.