Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылды
Астанада 1-10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылғанын жазған едік.