Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жол жұмысының жүргізілуіне байланысты 22-24 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойындағы жергілікті жол өткелі толықтай жабылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін бүгін елордада екі автобустың қоғалыс бағыты уақытша өзгергенін жаздық.
Елордада сондай-ақ Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылды.