Бүгін елордада екі автобустың қоғалыс бағыты уақытша өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — № 19, 52 бағдарлардың қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

Бүгін елордада екі автобустың қоғалыс бағыты уақытша өзгерді
Фото: Виктор Фкдюнин/Kazinform

Еске сала кетейік, бас қалада кеше № 19, 28, 52, 66 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерген болатын.

Елордада сондай-ақ Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылды.

Қосымша № 303, 323, № 5, 5А бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгергенін жаздық.