Астанада Түркияның Қазақстандағы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ашылу рәсімінде А. Гүл Түркияның мемлекетік туын көтергеннен кейін сөйлеген сөзінде Қазақстанның елордасы Астанада Түркия елшілігі ғимаратының ашылып отырғанын маңызды оқиға ретінде бағалады, елшіліктің қызметі Түркия мен Қазақстан арасындағы достық байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін беретіндігіне сенім білдірді. Және елшіліктің қызметіне табыстар тіледі.
Оның айтуынша, Қазақстанның елордасын Алматыдан Астанаға ауыстыра отырып Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарихи маңызы зор, көреген шешім қабылдады. «Қазақстан елордасын ауыстырғанда мұнда сайын дала болатын. Қысқа мерзім ішінде Астана тәуелсіз Қазақстанның мәртебесіне сай келетін заманауи, әсем қалаға айналды», деді ол.
Айта кетейік, Астанадағы Тәшенов көшесінің бойында орналасқан Түркияның Қазақстандағы елшілігінің ғимараты бұл елдің басқа елдердегі елшіліктері ғимараттарының ішіндегі ең үлкені болып табылады. Оның аумағы 13 гектарды алып жатыр.