21:00, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада ТүркПА-ның әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі комиссиясы бірінші отырыс өткізеді
БАКУ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Алдағы 24-25 қараша күндері Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі Тұрақты комиссиясының бірінші отырысы өтеді.

Бұл туралы бүгін Бакуде ТүркПА-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия жұмысына Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Ғарифолла Есімнің төрағалығымен Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия депутаттары қатысады.