Астанада ТүркПА-ның халықаралық байланыстар бойынша комиссиясының екінші отырысы өтті

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан келген әріптес депутаттары алдында Түрік Республикасының Ұлы ұлттық жиналысының депутаты, комиссия төрағасының орынбасары Үлкер Гюзель құттықтау сөзін сөйледі. ҚР Мәжіліс депутаты, аталған комиссияның мүшесі Қуаныш Сұлтанов та сөз сөйледі.
Отырыс қатысушылары Түркі кеңесінің, ТүркПА және ТҮРКІСОЙ-дың түркі тілдес елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы орны мен рөлін талқылады. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, комиссияның мүшесі Оралбай Әбдікәрімов осы тақырып бойынша баяндама оқыды.
Отырыс барысында түркі әлеміндегі мәдени, тарихи және тіл тұтастығына сүйене отырып өз қызметін қарым-қатынастарды нығайту негізінде жалғастырып отырған Түркі кеңесі, ТүркПА және ТҮРКІСОЙ көпжақты ынтымақтастықты нығайту саласында маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.