Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада ҰҚШҰ бас нарколог-дәрігерлерінің екінші кездесуі өтеді

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Ертең сағат 10-00-де «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ базасында Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдердің бас нарколог-дәрігерлерінің екінші кездесуі өтеді.

Астанада ҰҚШҰ бас нарколог-дәрігерлерінің екінші кездесуі өтеді

Жиынға аталған ұйымның Бас хатшысы Н.Н.Бордюжа қатысады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлйды.

Кездесуде нашақорлық және алкоголизм дертінің таралуына қарсы стратегия; тәуелділік терапиясындағы инновациялар; сапа менеджменті жүйесін енгізу; наркологиялық қызметті ұйымдастыру және іске асыру нәтижесіне мониторинг жасау; ұйымға мүше елдер наркологиялық қызметтерінің тиімді өзара іс-қимылын жүйелендіру және үйлестірудің әрі қарайғы жоспары сияқты мәселелер талқыға салынады.   

Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына 2012 жылы төрағалық етудегі басымды бағыты ұйымның нашақорлыққа қарсы стратегиясын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттерде есірткіге ішкі сұранысты қысқарту шараларын қабылдауға, тиімді алдын алу шараларын енгізуге, нашақорлық дертіне шалдыққан науқастарды емдеу және әлеуметтік оңалту әдістерін жетілдіруге бағытталған зерттеулерге мемлекеттік қолдау жасауға баса назар аударылады. Және есірткі бизнесіне қарсы тұруда ұйымның өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау тетіктерін пысықтау жоспарланған.