Астанада Үндістанның Республика күні аталып өтті

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін елордада «Риксос» мейманханасында Үндістан Республикасының Қазақстандағы елшілігі Үндістанның Республика күніне орай мерекелік қабылдау өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Салтанатты жиынға мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды жауапты қызметкерлері мен елімізде орналасқан басқа мемлекеттердің елшілері, мәдениет, өнер қайраткерлері шақырылды. «Үндістан Республикасының 60 жылдығына орай, сіздерге өзімнің жылы лебізімді шын жүректен білдіру ? мен үшін үлкен мәртебе. Өткен жыл Қазақстан мен Үндістан қарым-қатынасының өркендеуі үшін өте маңызды болды Бір апта бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға сапары аяқталды. Сапар барысында ҚР Президенті Үндістанның Республика күні мерекесіне арналған салтанатты шараларға басты құрметті қонақ ретінде қатысты. Бұл Үндістанның Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына деген ыстық лебізін, үлкен сыйластықты білдіреді. Бұл сапар екі жақты қатынасқа жаңа серпін бергені сөзсіз. Еларалық ынтымақтастық жаңа сатыға көтеріліп, стратегиялық әріптестікке қол жеткізілді», деді өз сөзінде Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ашок Саджанхар.
Соңғы жаңалықтар