Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Медальдар қарқынды және спринттік дисциплиналарда сарапқа салынады.
Сондай-ақ аталған жарыста жасөспірімдер арасында бәсекелер өтеді.
Айта кетейік, чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде ұйымдастырылып, 22 тамызға дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуді бастағанын хабарлаған едік.