Астанада «Жаңа Жібек жолы» II халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы өтеді

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Астанада «Жаңа Жібек жолы» II халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Астанада «Жаңа Жібек жолы» II халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы өтеді

«Қазақстан тасымалдаушыларының «KAZLOGISTICS» одағы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, басқа да бірқатар ірі халықаралық ұйымдар мен көлік компаниялары 7 қарашада Астанада «Жаңа Жібек жолы» II халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумын өткізеді», - деді ресми өкіл.

А.Әбибуллаевтың атап өтуінше, форумның мақсаты - көлік-логистикалық жүйені дамыту жөніндегі мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларды және олардың нәтижелерін талқылау, Қазақстанды еуразиялық құрлықтағы халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың негізгі қатысушы ретінде таныстыру.