Астанада «Жас Ұлан» ұйымы кiшкентай патриоттармен толықты (ФОТО)
Салтанатты рәсім барысында «Жас Ұлан» мүшелері оқушыларды ұйымның Ережесімен және міндеттерімен таныстырды. «Жас Ұлан» қатарына 77 оқушы қабылданды. Олар - өз құрдастарына үлгi болып саналатын бiлiм олимпиадаларының, мәдени байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi. Жалпы "Жас Ұлан" ұйымы қатарында 10 мыңнан астам оқушы бар.
Ұйымға өтiп, оның туын биiк ұстау - үлкен мәртебе, асқақ құрмет. Оның қатарына тек ең ақылды, ең тәрбиелi және бiлiмдi балалар өте алады. Қазақстан Тәуелсiздiгiн нығайтуға еңбек етiңiздер!", - дедi шараның ашылу рәсiмiнде Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Элмира Суханбердиева.
Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі - Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы құрылған ұйым. Аталмыш ұйымның мақсаты мәдениетке, төзімділік дәстүрі мен бітімгершілікке сүйіспеншілік пен құрметтің, ұлттық құндылықтардың негізінде, үздіксіз білім алу мен өзін-өзі жетілдіру арқылы өскелең ұрпақты Отанның патриоттары ретінде тәрбиелеу болып табылады.