Астанада жылыту маусымы аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 7 айға созылған жылу беру маусымы аяқталды.

жылу
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасына сәйкес, бес күн бойы қатарынан ауа температурасы +10 С жоғары болса, Астана қаласының жергілікті атқарушы органының жылыту маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады.

Астанада биылғы жылыту маусымы қыркүйек айының соңында басталды және 21 сәуірге дейін дейін жалғасты.

Сонымен бірге, Энергетика министрлігі биылғы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өткенін айтқан еді.

Келесі жылыту кезеңіне дайындық аясында бекітілген кестеге сәйкес 10 энергия блогы, 63 қазан және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 3 энергия блогында, 12 қазанда және 4 турбинада жөндеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар