Астанадағы қоқыс полигонынан өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қоқыс өртке оранды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Оқиға орнында ТЖМ мен ЖАО күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жану ерекшеліктеріне байланысты күрделене түскен.
— Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жағдай бақылауда. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда бір күнде 4 орман өрті тіркелді.