Астанадағы жаңбыр суы ағатын кәріз жүйелерін күтіп ұстауға 1,7 миллиард теңге жұмсалмақ
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының нөсерлік кәріз жүйелерін (ливневка) күтіп ұстау, пайдалану және тазалау жұмыстарына 1,7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің Коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметке сәйкес, тапсырыс беруші – Астана қаласы әкімдігінің Коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Конкурстық лоттың атауы – нөсерлік кәріз жүйелері мен су бұру арналарына қызмет көрсету, оларды пайдалану және тазалау жұмыстары. Жобаға бөлінетін жоспарлы сома 1 млрд 724 млн 137 мың 931 теңге 4 тиын.
Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінімдер 16–23 маусым аралығында қабылданады.
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу ережелері өзгергенін еске саламыз.