Қазақстанда мемлекеттік сатып алу ережелері өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылғы 23 сәуірдегі қаулысымен «Ұлттық режимнен алып қою мәселелері туралы» құжатты қабылдады.

Алматы
Фото: gov.kz

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде шетелдік мемлекеттерден әкелінетін келесі тауарлар бойынша ұлттық режимнен алып қою енгізіледі:

  • машина жасау саласының өнімдері
  • химия өнеркәсібі өнімдері
  • металлургия өнеркәсібі өнімдері
  • құрылыс өнеркәсібі өнімдері
  • жиһаз өнеркәсібі өнімдері

Бұл шектеу Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарларға қолданылмайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуларға тек Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар ғана қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен келісу арқылы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бірыңғай тауарлар, жұмыстар мен қызметтер номенклатурасына сәйкес кодтары көрсетілген тауарлар тізбесін бекіту және оны мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға ұсыну тапсырылды.

Қаулы 2026 жылғы 9 мамырдан бастап күшіне енеді және екі жыл мерзімге қолданылады.

Ұлттық режимнен алып қою шаралары отандық өндірушілерді қолдауды күшейтуге және негізгі өнеркәсіп салаларын дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзған 12 лауазым иесі жазаланған болатын.

Соңғы жаңалықтар