Астанадағы Саратов облысының күндері гала-концертпен тәмамдалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Саратов облысының күндері гала-концертпен аяқталды. Кешке жиналғандар Саратов облысының танымал әншілерінің әнін тыңдап, өнерін тамсана тамашалады.
None
None

Мәдени шара қонақтарын Болгариядағы халықаралық фестивальдің гран-при иегері, бүкіл ресейлік «Ресей дауысы» байқауының I сыйлығының лауреаты атанған «Колядки» ұлттық музыка ансамблі тосын сыйымен қуантты. «Қазақстан астанасына жасаған сапарымызда барлық саланы қамтып, тек іскерлік қарым-қатынаспен шектелмей, мәдени жақындастықты да ескере келдік. Үйренгеніміз де аз болмады. Енді көңілге тоқыған ойларды өз елімізде жүзеге асыруды қолға алатын боламыз», - деді Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев. Кеш соңы Оксана Колчина, Михаил Журков және басқа да өнер жұлдыздарының орындауындағы «Саратов туралы ән» шығармасымен қорытындыланды, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар