Астанадағы тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған полигон жетекші әлемдік стандарттарға сәйкес жобаланған - Р.Фрост
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еуроодақтың Қазақстандағы экологиялық жобасының жетекшісі Рассел Фрост мәлім етті.
«Астанадағы тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған полигон жетекші әлемдік стандарттарға сәйкес жобаланған, бірақ өкінішке орай, ол қазіргі таңда үздік стандарттарға сәйкес пайдаланылмай отыр», деп атап көрсетті Фрост өз сөзінде.
Сарапшының айтуынша, сондықтан да, оның әріптестері полигонды дұрыс, сауатты пайдалану жөніндегі әдістемелік сипаттама әзірлеу туралы идея көтеріп отыр.
«Егер біз Астанадағы полигонның пайдаланылу стандартын әлемдік деңгейге жеткізе алсақ, онда ол бүкіл Қазақстан бойынша қолданысқа үлгі бола алады», деп атап көрсетті Еуроодақтың Қазақстандағы экологиялық жобасының жетекшісі Рассел Фрост.