23:27, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Астанадағы вокзал мен әуежай тұрақтары тегін қызмет көрсетуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты елордадағы ескі теміржол вокзалы мен әуежайдың ақылы тұрақтарындағы барлық шлагбаумдар көтеріліп, көлік иелеріне төлемсіз қызмет көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ОРТ компаниясының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 20:30-да ауа райының нашарлауына және ауа температурасының төмендеуіне байланысты ескі теміржол вокзалы мен әуежайдың ақылы тұрақтарындағы барлық шлагбаумдар көтеріледі. Талондар мен төлемсіз кіру/шығу қызметтері жүзеге асырылатын болады», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ауа райының нашарлауына байланысты елорда әуежайынан Шымкент, Ыстанбұл және Мәскеу бағытына ұшақ ұша алмай жатыр. Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланғандай, Астана-Шымкент бағытындағы КС341 рейсі мен Астана-Шереметьева бағытындағы КС873 рейстері ұшақ сыртына арнайы сұйықтық шашылғаннан кейін тұрақ орнына жеткізілген.