Астанадан Үрімжіге қатынайтын қосымша әуе рейстерінің саны артты

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл 21 тамыздан 24 қазанға дейін қайта ашылған Астана — Үрімші — Астана бағытындағы рейстер саны артатын болады. Бұл туралы FlyArystan авиакомпаниясы мәлімдеді.

Астанадан Үрімжіге қатынайтын қосымша әуе рейстерінің саны артты
Фото: FlyArystan / Telegram

Аталған кезеңде қосымша рейстер келесідей кестемен ұшатын болады:

  • Астанадан Үрімжіге қосымша рейс жұма күндері орындалады, бұл сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері бар ағымдағы кестені толықтырады;

  • Үрімжіден Астанаға қосымша кері рейс сенбі күндері тағайындалады, бұрынғы дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалатын рейстерге қосымша.

Үрімжі әлі де FlyArystan халықаралық маршруттық желісіндегі негізгі бағыттардың бірі әрі Қытайдың батысындағы маңызды транспорттық әрі іскерлік орталық ретінде маңызы зор. Бұл қала Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда және бизнес байланыстары үшін маңызды түйін болып қала береді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысынан Үрімжіге халықаралық рейстерді ашу жоспарланып жатқаны хабарланған еді.

Биыл 29 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы — Шанхай бағыты бойынша тікелей қатынасты іске қосты. Бұл — Қазақстан мен Азияның ірі мегаполистерінің бірін байланыстыратын жаңа әуе жолы.