Астанаға Қазақстанның Паралимпиада құрама командасы келеді

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 11 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 05.25-те Қазақстан елордасының халықаралық әуежайына Мәскеуден Лондонда XIV Паралимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсеткен елдің Паралимпиада құрама командасы ұшып келеді.

Астанаға Қазақстанның Паралимпиада құрама командасы келеді

Бұл туралы штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте 2 спортшы елге оралған болатын. Атлеттердің басым дені және қазақстандық делегацияның штабы ертең таңертең келеді.  

Паралимпиада ойындары ағымдағы жылдың 29 тамызы мен 9 қыркүйегі аралығында өтті. Оған 164 мемлекеттен 4200-ден астам спортшы қатысты. Ресми емес командалық есепте 1-ші орынға Қытайдың командасы қол жеткізді. 2-ші орынға Ресейдің спортшылары жайғасты. Үздіктердің 3-ші қатарынан ойынның иелері - Ұлыбританияның мүгедек-спортшылары көрінді. Біріккен Корольдіктің спортшылары Украина мен Австралия сынды мықты командалардан 2 алтын медальмен басып озды.

Паралимпиада ойындарында сынға түскен 7 спортшымыз бүгінгі күні жақсы деген көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, 44 келіге дейін салмақ дәрежесінде пауэрлифтинг бойынша сайыста Кариба Асқарова ең үздік нәтиже (7 орын) көрсетті. Ұзындыққа секіруден біліктілік кезеңдерінен ақтық мәреге өткен Сергей Харламов 8-ші орынға тұрақтады. Пауэрлифтинг сайысында бақталасқан Айбек Әбжан 9-шы орынға жайғасты. Сондай-ақ Әнуар Ахметов (жүзу) пен Ісләм Сәлімов (жеңіл атлетика) те үздіктердің қатарынан көріне білді.

Спортшылар мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айта кеткен жөн. Мәселен, 1 орынға 50 мың доллар беріледі. Ақшалай сыйлықтың көрсеткіші мынадай: 2-орын - 35 мың доллар, 3-орын - 25 мың доллар, 4-орын - 14 мың доллар, 5-орын - 6 мың доллар, 6-орын - 4 мың доллар.